Торонтода PDAC 2025 көрмесі аясында халықаралық геологиялық форум өтеді

Торонтода PDAC 2025 көрмесі аясында халықаралық геологиялық форум өтеді

24.02.2025 01:40:31 242

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі PDAC 2025 көрме алаңында «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы өтетінін хабарлайды.
Бұл пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы жыл сайынғы ең ірі конференция. Іс-шара Қазақстанның геологиялық әлеуетін талқылау мақсатында салалық және мемлекеттік секторлардың жетекші сарапшылары мен мамандарын жинайды.
Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан павильоны мен стендтерімен таныса алады.
Өтетін күні: 2 наурыз
Уақыты: 10:00 – 14:45
Өтетін орны: Торонто, Metro Toronto Convention Center, North Building, Room 202B
Сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://meetkazakhstan.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941236