«ДОСТЫҚ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

«ДОСТЫҚ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ

10.04.2025 16:49:30 1486

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы «Достық» кеден бекетінің қызметкерлерімен ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Ұлттық заңнаманы,өнімді әкелу тәртібін түсіндіру және халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімін өткізу мақсатында іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, кеден бекетінің басшылары, кедендік брокерлер мен СЭҚ қатысушылары шақырылды.

Департамент мамандары 2018 жылғы 12 шілдеде қол қойылған «Техникалық реттеу және метрология саласында әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы» меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі және сәйкестік туралы декларациялар туралы жалған сертификаттарды анықтау әдістері туралы әңгімеледі.

Сәйкестік сертификатын немесе тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген, оған аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар береді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін қазақстандық импорттаушылар кедендік Декларациямен қатар әкелінетін тауардың ЕЭО міндетті талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды кеден органдарына ұсынуға міндетті.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10316?lang=kk