2016 ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ, СОНДАЙ-АҚ, ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК Қ

2016 ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ, СОНДАЙ-АҚ, ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК Қ

10.04.2025 16:49:45 1528

2016 жылдың 1 наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент, сондай-ақ, Қазақстан метрология, стандарттау және сертификаттау институттарының қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы   - әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасыи Т. Жұмағұловпен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметті реформалау кезінде мансаптық модельге ауысу және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен олардың өсу механизмдерінің өзгеруі. Осы процесстер меритократия және жариялылық принциптерінде негізделу болып табылады.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет өткеру жұмысы туралы және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құрудағы қадамдар, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, мемлекеттік бақылау қағидалары туралы мәселелер талқыланды.

Семинардың қорытындысында Т. Жұмағұлов жаңадан қабылданған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мемлекеттік қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін және осы бағытта шаралар жүйелі және кешенді болып, кадр саясаты, әдептілік, қызметкерлерді үәждеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағыттарынан құралу керек екенін атап өтті.

Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10521?lang=kk