СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

10.04.2025 16:50:14 1598

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Гүльмира Әубәкірова Қарағанды ​​облысына жасаған жұмыс сапарында мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп ережелері туралы түсіндірді.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды және мемлекеттік қызметтен өту мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілігіне қойлатын негізгі талаптар және мінез-құлықтың негізгі стандарттары сөз болды.

Гүльмира Әубәкірова мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беру кезіндегі мінез-құлықтарға байланысты айтып өтті.

Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында, Қарағанды ​​облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп салалық қауымдастықтармен семинар ұйымдастырылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды әзірлеу туралы әңгіме өрбіді.

Общество без коррупции

Общество без коррупции

Общество без коррупции

Общество без коррупции

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10848?lang=kk