ТАУАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЕЛІН АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.04.2025 16:50:48 16522018 жылғы 25 шілдеде ТРМК БҚО бойынша департаментінде БҚО кәсіпкерлер палатасы және «ҰСжСО» АҚ БҚФ сараптама ұйымының өкілдерінің қатысуымен «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге қатысты жиналыс өтті.
Жиналыс барысында ішкі айналымға арналған өнімдерге сарапшы-аудиторлармен берілген сараптама актісіне қатысты «Атамекен» ҰКП-ның хаты мен уәкілетті ұйымның қорытындысы қаралды.
Барлық материалдар қаралғаннан кейін «СТ-KZ» берген кезде техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, басшылықтың бақылауын күшейту және сарапшы аудиторды заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту бойынша сараптама ұйымына жеке ұйғарым жіберу туралы шешім қабылданды.
Екі тараптың түсініктемелері тыңдалып, осы сертификатты беруден бас тартудың себептері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11267?lang=kk