ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕТРОЛОГТАР КЕҢЕСІНІҢ 9-ШЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ
10.04.2025 16:52:08 15536 сәуірде Маңгыстау облысының Актау қаласында қаланы құрушы кәсіпорындар - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының Метрологтар кеңесінің 9-ші отырысы өтті.
Метрологтар кеңесі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және нұсқауларды шығару үшін құрылған.

Осы отырысты Ақтау қаласында өткізу кездейсоқ емес. Маңғыстау өңірі республикамыздың экономикасы үшін маңызды стратегиялық плацдармалардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда өңір Қазақстанның жалпы экономикалық өсуіне әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің өсімін көрсетті. Таңдалған стратегияға және рейтингтік агенттіктердің оңтайлы болжамдардың арқасында, ірі шетел компаниялары Батыс Қазақстанға өз инвестициялық жобаларын кеңейтуге және инвестициялық үлесімдерін арттыруға шешімдерін растады.

Облыс басшылары өз кезегінде, жеке инновациялық желісін құрып жатыр, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірін жақсартуда. Өңірдің негіздік стратегиялық дамуында ерекше орынды «Морпорт Актау» арнайы экономикалық аумағы алады. Облыста, ел бойынша Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы іске асыруда.

Отырыс ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б.Қанешевтың басшылығымен өткізілді.
Отырыста Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Р.М., өңір әкімдігінің басқарма басшылары, ҚР Энергетика министрлігі, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан метрология институты», «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, сондай-ақ республиканың 17 метрологиялық қызметтерінің мамандары қатысты.
Отырыста бүгінгі күнде өзекті мәселелер талқыланды, оның ішінде:
- «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы;
- мұнайгазды және энергетикалық салалардың кәсіпорындарында өлшем бірлігін калибрлеу сұрақтары;
- «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және мұнайгазды саласының кәсіпорындарын метрологиялық қамтамасыз ету;
- «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» 27.06.2015ж № 484 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы туралы;
- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай өнімдерін метрологиялық есебінің сұрақтары және т.б.
Отырыс аяқталған соң нақты шешімдерден тұратын хаттама ресімделді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11562?lang=kk