«BAYAN» КОМПАНИЯСЫНДА БОЛДЫ

«BAYAN» КОМПАНИЯСЫНДА БОЛДЫ

10.04.2025 16:52:25 1514

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған бөлімінің қызметкерлері 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген «BAYAN компаниясы» ЖШС болып қайтты.

BAYAN компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сәтті жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде 7000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын дамыған инфрақұрылымы бар жаңа қуатты өндірістік базасы құрылды. Компания қышқыл сүтті, шырын өнімдерін, жүгері таяқшаларын, қатырлақ, сусындар, йогурттар, сүзбелер шығарады. Осылар үшін өндірістік және технологиялық тізбектерді үнемі жетілдіре түсетіндіктен, олар технологияның қарқынды дамып келе жатқан темпіне орай инновациялық әзірлемелерді қолданады.

Барудың шеңберінде қызметкерлер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын орындау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы Заңдардың мақсаты мен міндеттері жеткізілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттар  бөлігіндегі сұрақтарға жауап берді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11864?lang=kk