ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША, ЕНГІЗУІН ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША, ЕНГІЗУІН ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

10.04.2025 16:52:45 1639

2016 жылдың 22 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, «Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалының, «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының және мемлдекеттік мекемелердің қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері – Мемлекеттік туын, Елтаңбасын қолдануы бойынша, ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында дөнгелек үстөл отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді қолдану міндетті, мемлекеттік рәміздерді өндірушілер мен қолданушыларға Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзғандығы үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылады, және тағы-да басқа бірқатар сұрақтар көтерілді.

ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысудың қажеттілігі мен есептері бойынша және ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізілді.

Мемлекеттік елтаңбаның авторымен өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп конструкторлық сызбалары қайта қаралу қортындысы бойынша:

- Мемлекеттік елтаңбаның барлық элементтеріне детализация жүргізілді;

- элементерін модельдеуде қажетті өлшемдері келтірілді;

- 2008 жылғы стандартта көрсетілмеген барлық құрайтын элементтерінің атауы кетірілген.

Өндірісте берілген параметрлер мен талаптарға сай өндіруді қадағалау мақсатында жаңа стандартталған бақылау әдістемелері енгізіліп, осы әдістемелер даулы сұрақтар туындағанда берілген стандартқа сәйкестігін біркелкі растауға көмектеседі.

Сонымен қатар жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілді уақты 3-жыл мерізімінде деп белгіленген.

Отырыс барыснда қатысушыларға стандарттарға енгізілген барлық өзгерістер түсіндіріліп, қолдану ережесі бойынша және стандарт талаптарына сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесі талқыланды.

Дөнгелек үстөл барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, берілген ұсыныстарды жұмыс кезеңі барысында тағыда қарауға шешім қабылданды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12119?lang=kk