ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТҮСІНДІРІЛДІ
10.04.2025 16:53:28 1517Ағымдағы жылғы 13-26 маусым аралығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Ж. Кожикова «Карагандинская обувная фабрика» ЖШС, «ЕСКО» ЖШС, «Дедал» фирмасы» ЖШС, «Стежок» ЖШС техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларындағы заң талаптарын түсіндірді.
Бұдан басқа, арнайы киім, арнайы аяқ киім және шұлық өнімдері өндірілетін кәсіпорындардың назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы заңнаманың мақсаты мен міндеттері жеткізілді.
Осы орайда, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы мен «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы талаптарын қатаң сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тұшымды пікір алмасу болды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12970?lang=kk