ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ
10.04.2025 16:53:30 1699ҚР ИИДМ техникалық байқау орталықтарында жалған техникалық байқау жүргізуді болдырмау үшін талаптарды күшейтуде
2019 жылдың сәуірінде "Жол жүрісі туралы" заңға техникалық байқау операторларының бақылау-диагностикалық жабдықтарынан ақпарат беретін арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бүгінгі таңда мамандандырылған бағдарламаларға қойылатын талаптар жобасы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.
Бұл талаптар автомобильді техникалық байқау желісіне ұсынбай жатып техникалық байқауды өткізу фактілерін болдырмауға, сондай-ақ деректерді "қолмен" енгізуді (фотошоп) болдырмауға бағытталған.
Елімізде техникалық байқауды жою мәселесі қарастырылмайды, өйткені оның мерзімді өтуі жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығының, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған.
Басқа елдерде тіркелген автомобильдерге техникалық байқауды жүргізетін тұлғалардың қызметіне келетін болсақ, ҚР ИИДМ техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген операторлардың міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізетінін атап өту қажет.
Министрліктің құзыретіне техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілмеген тұлғаларға қатысты тексеру жүргізу кірмейді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12975?lang=kk