АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.04.2025 16:54:10 15002018 жылдың 15 маусымында еліміздегі құрылыс саласының дамуының ағымдағы жағдайын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Талқылауға ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, құрылыс қауымдастықтары, Қазақстанның құрылыс салушылар, құрылыс материалдарын өндіруші компания өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, жаңа нормативтік базаға көшу, құрылыс индустриясында сәйкестікті бағалау ерекшеліктері және кәсіби іскерлік қоғамдастықтың дайындығын бағалау мәселелері талқыланды.
ТРМК Астана қаласы бойынша Департаменті жетекшісінің м.а. Ақмарал Қабулова отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті жаңғырту, өнімнің қауіпсіздігін және өндіріс процестерін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі техникалық реттеу болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара нәтижесінде құрылыс саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар бірлескен шараларды қарастыратын қарар жобасы дайындалды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13821?lang=kk