БҚО-ДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН САЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БҚО-ДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН САЛУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.04.2025 16:54:13 1569

Ағымдағы жылдың 8 маусымында ҚР ИДМ ТРМК БҚОбД  және «ҚазСтИн» РМК БҚФ басшылары «WestPartner» ЖШС-не барып, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды түсіндірді.

Компанияның негізгі қызметі құрылыс-монтаж жұмыстары болып табылады:

- күрделі жөндеуді және реконструкцияны қоса алғанда, автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу;

- ғимараттардың (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, туннельдер, жол өтпелері, басқа жасанды ғимараттар) салмақ түсіретін және (немесе) қоршау конструкцияларын салу, соның ішінде объектілерді күрделі жөндеу және қайта құруды қамтиды;

- топырақта арнайы жұмыстар.

Мұнда 2 асфальтобетон зауыты бар:

ДС-158 - сағатына 50 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады;

ДС-117 - сағатына 35 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығарады.

Кездесу барысында ҚР заңнамаларының талаптары, әсіресе өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнім сәйкестігін растау мәселелері түсіндірілді.

Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдірді.

 

1

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13829?lang=kk