Ж.ҚАСЫМБЕК ИНДУСТРИЯ 4.0 ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҚР ИДМ ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
10.04.2025 16:57:31 1616Индустрия 4.0 элементтерін енгізу кәсіпорындардың тек бәсекеге қабілеттіліктерінің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқтықты, ішкі шағын нарықты, білікті маман тапшылығын шешуде Қазақстанға айтарлықтай мүмкіндік ашады.
Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметіндегі кеңейтілген отырыста хабарлады.
Жолдауда көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін, Жолдауда айтылғандай төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу керек.
Бұл үшін, әлемдік жетекші компаниялармен серіктесе жұмыс істейміз. 2017 жылы жаңа экономиканың элементтерін кешенді қолдануға әзір өңдеу секторы анықталатын болады. Аталған секторларда Индустрия 4.0 технологиясын енгізу жөніндегі пилоттық жобалар жүзеге асырылады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кәсіпорындар мен өнеркәсіп секторларында қолданылатын болады.
Төртінші индустрия элементтерін енгізу кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ғана емес, ол Қазақстанға теңізге тікелей шығар жолының жоқтығы, ішкі нарықтың тарлығы, білікті мамандардың тапшылығы сияқты факторларды жоюға мүмкіндік береді.
Жаңа индустрия құрудың басты бағыттарының бірі электромобильдер өндірісі мен қажетті инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Ол үшін тиісті жол картасы әзірленіп, оны іске асыруды бастау қажет.
Анықтама:
Бүгінгі таңда түрлі елдерде «Индустрии 4.0.» концепциясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалары қабылданды: Германияда«Industrie 4.0», Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Индияда «Make in India», Испанияда«Industria Conectada 4.0», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia» және т.б.
Еуразиялық Одақта «Factory of the future», АҚШ-та Advanced manufacturing partnership, Германияда Mittelstand 4.0 бағдарламалары қолданылады. Осылардың аясында өңдеу өнеркәсібі мен басқа да экономиканың салаларында технологияның жаңа даму перспективалары қолдау тауып, таныла бастады.
«КИРИ» АҚ Fraunhofer (Германия) институтымен ҚР өңдеу секторын диагностикалық бөлімінде Индустрии 4.0 элементтерін енгізу дайындығы деңгейінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне сол элементтерді жылдам енгізудің жүйелік ұсынымын әзірлеуге де уағдаласты.
Fraunhofer – 67 институтты біріктіретін, өнеркәсіпті зерттейтін ірі еуропалық институт. Оның құрамында өнеркәсіпті автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, интелектуалдандырылған жүйе институты бар. Оларда 24 мың мың қызметкер еңбек етеді. Ол Германиядағы Индустрии 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі негізгі үйлестірушілердің бірі.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15742?lang=kk