ТРМКД – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ.

ТРМКД – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ.

10.04.2025 16:57:32 1664

Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2 ақпан 2017 жылы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы департамент басшысы Е. Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.    

Баспасөз брифингке облыс әкімі аппаратының өкілі, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер, телеарналар тілшілері, интернет газеттер тілшілері қатысты.

Баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Кеулімжаев, есепті кезеңде облыс аумағында кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және тұтынушыларды өнімдер қауіпсіздігі мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу құралдарын  индустрияландыру  және сапа инфраструктурасын құру процесстеріндегі  міндеттерін  анықтап,  халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге жағдай жасау жұмыстарын белсендіру, халықаралық менеджмент жүйесін енгізу және өндірісті техникалық қайта жабдықтау жөнінде аймақтағы  тауар өндіруші кәсіпорындарды аралап түсіндірме жұмыстарын жандандыра жүргізгендігін атап өтіп, 2016 жылы департаментпен атқарылған жұмыстар бойынша слайд және графикалық кестеде 2015 жылмен салыстырмалы түрде  толық мағлұмат берді.

Сонымен қатар, департамент басшысы департаменттің 2017 жылы атқаратын міндеттеріне тоқталды. 

Баспасөз брифингі қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15780?lang=kk