ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

10.04.2025 18:34:36 1841

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті әкімшілік тәжірибеде өлшем құралдарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты халықтың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасы саласындағы құқықтық сауаттылығы арттыру, сонымен қоса өлшем нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағадайда өз құқықтарын сақтау үшін қандай іс-шаралар қолдану керектігі болып табылады.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылатынын білу қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 802 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау себептерінің бірі ол арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткiштерi, оның ішінде автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы, көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi.

Осыған орай өлшем құралдар көлік құралдың жүру жылдамдығын анықтау үшін, ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерін анықтау үшін, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйделікті анықтау үшін және т.б. жағдайларда қолданылады.

Аталмыш өлшем құралдар мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын басқа да өлшем құралдары сияқты Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарына сәйкес, түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.

Оған қоса, уәкілетті органдармен салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдар қолданған жағдайда, сол өлшем құралдардың негізінде анықталған бұзушылықтар жоққа шығарылады, сонымен қоса салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарды қолданғаны үшін уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 419 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша, өлшем құралдардың өлшем нәтижелерінің негізінде әкімшілік тәртіпке тартылған жағдайда, сол өлшем құралдың салыстырып тексеру туралы сертификатын талап ету, сол сертификаттың мерзіміне назар аудару, сертификатта көрсетілген өлшем құралдының типі мен зауыт нөмерін өлшем құралда көрсетілген тип пен зауыт нөмерімен салыстыру ұсынылды, сонымен қоса салыстырып тексеру сертификаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе сертификаттың мүлдем жоқ болу жағдайларында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттеріне хабарласу ұсынылды.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 11 үй, «Эталон орталығы» ғимараты, телефондар: 750541, 750542, 750543, электронды мекенжайgosnadzor_astana@mail.ru.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17011?lang=kk