АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
10.04.2025 18:39:50 1872018 жылғы 28 ақпанда Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыптарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты мамандардың білімін арттырып, жаңа заңнама талаптары мен оларды іс жүзінде қолдануды үйреті болып табылады.
Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, мемлекеттік қызметке кіру ережелері жаңа заңның негізгі айырмашылықтары, енгізілген өзгерістердің мақсаты түсіндіріліп, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірушілерді қабылдаудың жаңа жүйесі туралы, сонымен қоса мемлекеттік орган ішінде мемлекеттік қызметкердің басқа лауазымға ауысу рәсімі туралы сұрақтар көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша ашық диалогтар орын алып, қызу пікір алмасу орын алды. Қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17028?lang=kk