БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ҰЙЫМЫ (ISO) КЕҢЕСІНІҢ 105-ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ҰЙЫМЫ (ISO) КЕҢЕСІНІҢ 105-ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

10.04.2025 18:39:51 220

2018 жылғы 28 ақпаннан 1 наурыз аралығында Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) кеңесінің кезекті 105-отырысы өтуде. Іс-шараға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Ғалымжан Дұғалов қатысып жатыр. Қазақстан 1994 жылдан бері осы ұйымның толыққанды мүшесі және 161 елдің  ұлттық стандарттау орган өкілдері кіретін ISO жұмысына қатысады.

2017 жылдың қыркүйек айында Германияда өткен Бас Ассамблеяда Қазақстан балама негізде 2018-2020 жылдары Ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржы мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ISO кеңесіне мүше 20 елдің қатарына қосылды.

Алдағы отырыста халықаралық ұйымның әрі қарай дамуының түйінді мәселелері қарастырылатын болады:

1) 2018 жылға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру;

2) ИСО қызметіне өңірлік қатысудың жетекші қағидаттарын бекіту;

3) Басқа ұйымдармен техникалық ынтымақтастық қағидаттары;

4) ISO IT 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы.

Сондай-ақ, ТРМК Төрағасы ISO басшыларымен және шетелдік Ұлттық стандарттау органдары өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

Қазақстанның ISO Кеңесінде қатысып, халықаралық стандарттауды қалыптастыру кезіндегіт негізгі міндет ұлттық мүдделердің ұпайын түгендеу, ISO техникалық комитеттер жұмысына қазақстандық сарапшылардың қатысуын белсендіру және халықаралық стандарттау қағидаттарына мамандарды оқыту.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17037?lang=kk