СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

10.04.2025 18:42:35 341

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугаловтың төрағалық етуімен Стандарттау жөніндегі Техникалық Комитеттердің қызметі туралы жыл сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

Бүгінде экономиканың басым салаларында Қазақстан Республикасының техникалық комитеттерін дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың өзінде басым бағыттар бойынша 4 техникалық комитет құрылды. Бұл «Органикалық өнімдер» Халал өндірісі, «Өндіріс қалдықтары және тұтыну» және «Жылыжайлық газдарды басқару».

Сондай-ақ, қызметке жүргізілген талдауы негізінде және қолданыстағы техникалық комитеттердің бастамасы бойынша 4 белсенді емес техникалық комитет жойылды. Бұл шаралар басым бағыттарды толықтай жетілдіруге және реттеуге қабылданды.

Бұдан бөлек, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің тиімді жұмыс істеуі үшін олардың рейтингі белгіленді. Бұл әдіс техникалық комитеттер қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылу мониторингін мынадай өлшем шарттар бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді: техникалық комитеттер қызметінің ұйымдастырылуы мен ашықтығы; ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттау бойынша жұмыстар.

Мәжіліс барысында 2017 жылдың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ ISO стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның техникалық комитеттеріне қатысуы, сондай-ақ ИТК-МТК-ның мемлекетаралық техникалық комитеттерінің жұмысына қатысуы да талқылады.

«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес қазіргі таңда Парламенттің қарауында жатқан, техникалық комитеттер жұмысының жаңа үлгісіне көшу егжей-тегжейлі талқыланды. Заң қазақстандық стандарттау үлгісін халықаралық үлгіге жақындатуға бағытталған.

Осы заң жобасында техникалық комитеттер стандарттар әзірлеу процесінде ерекше рөл атқарады, олар барлық мүдделі тараптардың пікірлері негізінде стандарттарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.

«Бүгінде Техникалық Комитеттер алдына міндеттер қойылды. Ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша автоматтандырылған үдеріске көшетіндіктен барлық ұлттық техникалық комитеттер өз жұмысын күшейтіп, қызметінің құрамы мен форматын қайта қарауы керек », - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17055?lang=kk