ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
11.04.2025 00:32:24 2092018 жылдың 11 қаңтарында Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, сыбайла жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.О.Амангельдина Жолаудың «Жемқорлықпен қарсы күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндеті бойынша ақпарат берді.
Департамент жемқорлыққа қарсы жұмысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетімен бекітліген Жоспары және 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары негізінде атқарады.
2017 жылдың тамыз айында департамент мамандары, департамент қызметіндегі жемқорлық қауіпіне сараптама жасап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментіне тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Еліміздің Президенті мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын және азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру үрдісіне маңызды назар аударады. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және мақсатты жұмыстар жүргізіліп отыр, бұған Жолаудың тоғызыншы бағытында көрсетілген тұжырымдамалар дәлел.
Департамент мамандары аймақта өткізілетін саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін талқылауларына қатысады.
Департаментте «Қоғамдық қабылдау» мен «Сенім телефоны – 25-57-89» жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекторлар жүргізген тексерістердің техникалық реттеу және метрология және өлшем біргілін қамтамасыз ету заңнамаларының талаптары, мемлекеттік бақылау актілерінің құрылу сапасы бойынша департамент басшылығы мониторинг жүргізіп отырады.
Департаментте әкімшілік істерді комиссиялық қарау және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлкен жариялыққа беру тәжірибесі жалғасып келеді.
Сонымен қатар, департаментте жартыжылдық қорытынды бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша анализ жасалып, өтініштерге уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Департамент мамандары жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарындағы, мемлекеттік органдардың сайттарындағы, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарға, жеке және заңды тұлғалардың департамент қызметі бойынша туындаған проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында өтініштерге талдау жасайды. 2018 жылы 9 өтініш қарастырылып, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18393?lang=kk