КОНТРАБАНДАҒА ЖӘНЕ КОНТРАФАКТІЛІК ТАУАРЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

КОНТРАБАНДАҒА ЖӘНЕ КОНТРАФАКТІЛІК ТАУАРЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

11.04.2025 00:32:25 1729

2018 жылы 13 ақпанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қымбат металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды заңсыз айналымға қарсы іс-қимыл туралы» атты отырысын өткізді.

Отырысқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық-тергеу қызметінің өкілі, көленкелі экономикаға қарсы күрес басқармасы, операциялық тергеу қызметінің басқармасының салықтық және қаржылық қылмыстарын ашу басқармасы, Евразиялық экономикалық одақты зергерлер қауымдастығының басқарма төрағасы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, қымбат металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды іске асырып жатқандар да қатысты.

Отырыста «Қымбат металлдар мен асыл тастар туралы» ҚР Заңы, «Заңсыз жолымен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы», тіркеу және мониторинг тәртібі», және де басқа да нормативтік құжаттар, заңды тұлғаларды және кәсіпкерлерді арнайы тіркеуге алу, әкелу, сату және тіркеу тәртібін реттейді, асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен және қымбат метелдардан жасалған бұйымдармен және асыл тастармен операциялар жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс – жауапкершілік шараларына назар бөлінген.

Кездесу барысында қымбат металдар және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатумен байланысты, заңды тұлғаларды және кәсіпкерлерді арнайы тіркеуге қою туралы, сауда алаңдарында өлшеу құралдарының болуы, ҚР СТ 367-93 сәйкес этикеткалар мен маркерлердің болуы және іс-шаралардың іске асырылуын хабарлау қажеттілігі, «рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зергерлік бұйымдар айналымымен байланысы туралы проблемалық мәселелер көтерілді.

Зергерлік бұйымдар субъектілерінен Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аланында қосымша кездесу өткізу туралы ұсыныс түсті.

Соңында барлық сұрақтарға білікті және толық жауаптар берілді

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18394?lang=kk