МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11.04.2025 00:42:22 1825ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып, 2018 жылдың 26 қаңтарында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заңның үстемдігі және жемқорлықпен күрес - Жолдаудың басым бағыты» атты Департамент мамандарының қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.
Отырыс аясында Департамент басшысы - Атчибаева Тлектес Бегеевна халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін күшейту, құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықты болдырмау, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне аса назар аударуға шақырды.
Отырыс барысында тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18420?lang=kk