СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ШТАБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ШТАБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

11.04.2025 00:42:23 1878

2018 жылғы 18 қаңтарда Ақмола облысындағы Степногорск қаласында техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штабының көшпелі отырысы өтті.

Отырыста Степногорск қаласының жетекші кәсіпорындарының «Astana-Nan Chemikals» филиалы - «Астана-нан» ЖШС, «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС, «Тепломера» ЖШС, «Степногорск су арнасы», «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы» ЖШС, «Sareco» ЖШС, «Нефтяной дом Астана Ойл» ЖШС, «СП СКЗ Қазатомпром» ЖШС, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС өкілдері қатысты.

Өңірлік штаб отырысын өткізудің басты мақсаты – техникалық реттеу саласында консультациялық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Өңірлік штаб отырысын кіріспе сөзбен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Бейбіт Абилев бастады. Ол техникалық реттеу заңнамасы шеңберінде тауарды өндіру және экспорттауда туындайтын сұрақтар бойынша, департамент тауар өндірушілер мен экспорттаушыларға әрдайым консультатитвік көмек беруге дайын екендігін атап өтті.

Өңірлік штаб отырысында «Отын ретінде пайдалану үшін сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар» ЕЭК техникалық регламентінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі туралы, сондай-ақ ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын арттыру мақсатында ДСҰ талаптарының халықаралық деңгей стандарттарын тиімді қолдану шаралары талқыланды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Мұрзалин өз сөзінде ЕЭК-гі сұйытылған көмірсутек газдарының негізі техникалық реттеулер принцептерін атап өтті. Оның айтуынша, техникалық реттеу саласында өмірлік циклдің түрлі кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау, ЕАЭО елдерінде дайындалатын және импортталатын өнімдерге қойылатын талаптарды теңдей белгілеу және ҚР Кедендік реттеу туралы Кодексінің принциптерін орындауға баса назар аударылады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрлан Сейдалин Дүниежүзілік сауда ұйымының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» көрсеткішін жақсарту жөнінде атқарылып отырған жұмысы туралы баяндап, оның ИДМ стратегиялық жоспарына енгізілгендігі туралы, соған сәйкес рейтингтегі көрсеткішке қол жету/қол жеткізбеу туралы ақпарат берілітіндігі туралы егжей-текжейлі айтып берді. Степногрск қаласының кәсіпорындарына сапа инфрақұрылымының құрылғыларын қолдана отырып техникалық регламенттер, өлшеу құрылғылары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджментінің жүйелері жайлы ақпарат берді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18425?lang=kk