ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ КАНАЛЫНЫҢ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖЫЛЫНА 100-120 МЫҢ ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
11.04.2025 06:52:28 1616Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс атқаратын компанияларды тұрақты көліктік қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында Жайық бассейніндегі кәсіпорындармен 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр.
Экологиялық кодекс талаптарын ескере отырып, жұмыстарды шілде айының үшінші онкүндігінен бастап қазан айының аяғына дейін жүргізу жоспарланған.
Жайық-Каспий каналының өзен бөлігінде түбін тереңдету жұмыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК техникалық флот кемелерімен жүргізілуде. Жұмыс жүргізуге «ПК-1» жүзу краны және «Батыр» сүйрегіші жұмылдырылған. Ағымдағы жылғы 27 шілде бойынша орындалған жұмыстар көлемі 4 152 м3 құрайды. Каналдағы жұмыстарды аяқтауға дейін 500 000 м3 көлемінде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу – канал арқылы жылына 100-120 мың тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19777?lang=kk