ПОЛИПРОПИЛЕН МАТАДАН ЖАСАЛҒАН ЖҰМСАҚ КОНТЕЙНЕРЛЕР ЖАСАУМЕН АЙНАЛАСАТЫН ӨНДІРІСТІК КОМПАНИЯ «BIGBAGASTANA» БАРУ
11.04.2025 06:52:30 26032017 жылы 27 шілдеде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін ұнтақ жүктерге арналған полипропилен матадан жасалған жұмсақ контейнерлер жасаумен айналасатын өндірістік компания «BigBagAstana» барды. Полипропилен матадан жасалған жұмсақ контейнерлер жасаумен айналасатын өндірістік компания «BigBagAstana» ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания жүк көтергіштігі 500 кг – нан 2 тоннаға дейінгі жұмсақ контейнерлер шығарады. Өнім өндірісінде отандық және шет ел шикізаты қолданылады. Өткізілген іс-шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды. Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі, дайын өнімді заттаңбалау бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды оқыту бойынша ұсыныстар берілді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19790?lang=kk