ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРС-КӨРМЕСІНЕ 25 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ
11.04.2025 10:27:48 1701Қызылорда облысы әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік өңірлік конкурс көрмесі өтті. «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурстық көрмеге жыл сайын қатысушылар саны өсуде, кәсіпорындар шығарған өнімнің сапасымен жетістіктерін көрсетті. Биылғы жылы облыстық «Қазақстанның Үздік тауары 2017» конкурстық көрмеге 25 облыс кәсіпорындары қатысты, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлыңы байқауына 3 кәсіпкер ниет білдірді.
Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін сараптау тобына департаментің бас маманы А.Абдукаримова сараптау комиссиясына мүше ретінде шақырылған болатын.
Конкурстық көрменің қортындысы бойынша «Қазақстанның Үздік тауары 2017»:
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:
1. «Аралтұз» АҚ;
2. «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС;
3. ЖК «Ермаханов».
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:
1. «DALATEX» ЖШС;
2. «Кызылорда соқырлар қоғамы» ЖШС;
3. ЖК«ПромКоммерцКА».
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы:
1. «ЭлектроТехнология» ЖШС;
2. «Полимер Продукт» ЖШС;
3. «МИР 2001» ЖШС.
«Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурс жеңімпаздары енді Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өздерінің жергілікті өнімдерін халық алдына ұсынатын болады.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20565?lang=kk