ҚР ИДМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР ИДМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

11.04.2025 15:26:59 3222

Қарашаның 5 мен 12-сі аралығында Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құрылымдық бөлімшелердің арасында спартакиада өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Биылғы спартакиадаға 10 команда қатысып, спорттың 6 түрінен сынға түсті. Спартакиаданың алғашқы күнінде волейбол, теннис және армрестлингтен жарыс өтсе, 11-12 қарашада шағын футбол, арқан тартыс, нысанаға ату ойындары бойынша үздіктер анықталып, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар белгілі болды.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Орталық аппараты қызметкерлерінен құралған команда жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Бұл команда волейбол, үстел теннисі және нысанаға ату бойынша үздік шығып, нәтижесінде 52,5 ұпай жинады.

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті қызметкерлерінен құралған команда армрестлингтен алдына жан салмай, нысана атудан үздіктердің қатарына кіріп, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша 6 спорт түрінен 39 ұпай жинап, нәтижесінде ІІ орынды иеленді.

III орын ҚР ИДМ Көлік комитеті қызметкерлерінен құралған командаға бұйырды. Көлік комитеті командасы жарыстың соңғы күнінде өте белсенді қимылдап, шағын футбол мен арқан тартыс ойындарынан алдына жан салмады. Көлік комитеті командасының қоржынында 33,5 ұпай.

«Спартакиадаға қатысқан барлық команданың жеңіске деген жігері байқалды. Жыл сайын спартакиада бағдарламасындағы ойын түрлері көбейіп, атсалысатын командалардың да белсенділігі артып келеді. Жеңімпаз командаларды құттықтаймын, спорттық шаралар өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бәріміздің міндетіміз», - деді спартакиаданың жабылу салтанатында сөз алған ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сагинов.

Спартакиада қорытындысы бойынша жарысқа қатысушылар бірнеше спорт түрлері бойынша «Ең үздік» деген жекелеген номинацияларды жеңіп алды.

Шағын футбол бойынша:

1. Ең үздік қақпашы – Қазбек Чанаев (Азаматтық авиация комитетінің командасы);

2. Ең үздік қорғаушы – Айдос Төлеуғазинов (Көлік комитетінің командасы);

3. Ең үздік шабуылшы – Нұрдәулет Әліпбаев (ҚР ИДМ Орталық аппаратының II командасы).

Нысанаға ату бойынша:

1. Әйелдер арасында ең үздік мерген – Гүлнәр Дулатбаева (Ішкі аудит департаменті);

2. Ерлер арасында ең үздік мерген - Ержан Жакенов (Азаматтық авиация комитеті).

Волейбол бойынша:

1. Ең үздік шабуылшы – Руслан Баймишев (ҚР ИДМ Орталық аппаратының I командасы);

2. Ең үздік байланыстырушы – Бибігүл Қабдешова (Автомобиль жолдары комитеті командасы);

3. Ең үздік қорғаушы – Даир Ибраев (Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті).

Үстел теннисі бойынша:

1. Әйелдер арасында ең үздік ойыншысы – Данагүл Адамышина (ҚР ИДМ Орталық аппаратының I командасы);

2. Ерлер арасында ең үздік ойыншы – Калкен Камалов (Индустриалық даму және өндіріс қауіпсіздігі комитеті).

Армрестлинг бойынша:

1. Әйелдер арасында ең мықты қол күресші – Гүлжахан Үсенова (Азаматтық авиация комитеті);

2. Ерлер арасында ең мықты қол күресші – Марат Ахметқалиев (Автомобиль жолдары комитеті);

Ең үздік жанкүйерлер – Автомобиль жолдары комитеті және Азаматтық авиация комитетінің командасы.

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21748?lang=kk