ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ПЕН ТАШКЕНТ АРАСЫНА АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ПЕН ТАШКЕНТ АРАСЫНА АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ

11.04.2025 17:34:04 1709

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңнамаға қол қойды. Хаттама автомобиль көлік құралымен жолаушыларды тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау үшін құқық нормаларын заңдастырады.

Ең бастысы Шымкент-Ташкент тұрақты автобус бағдарын ашу, ал келесі жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында қатынасты реттеу жоспарланған.

2000 жылдың басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды автобуспен тасымалдау болмаған. Күнделікті екі елдің мемлекеттік шекарасынан 20 мыңнан астам адам өтеді. Автобус бағдарының ашылуы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының дамуына оң серпін береді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22236?lang=kk