Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министріне қандай сұрақтар қойылды?
14.04.2025 09:37:11 198Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "еститін мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылған Азаматтарды бірыңғай ұлттық қабылдау күнінде экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі толғандыратын қазақстандықтарды қабылдады.
Азаматтар қойған сауалдардың ішінде мұнай тұнбаларын жою, су қоймаларын тазалау, қорықшылық қызмет жəне басқа да мəселелер бар.
"Барлық сұрақтарға түсіндірулер беріліп, кейбіреулері бойынша салалық комитеттерге неғұрлым кеңірек жұмыс істеуді тапсырдым. Өңірлердегі қабылдауларды экологиялық департаменттер басшылары жүргізді. Азаматтарды қабылдау тəжірибесі біздің ведомство үшін дəстүрге айналып, еститін мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі болмақ",-деп жазды М. Мырзағалиев твиттерде азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша.
Мəселен, Балтабеков Арманды Қазақстанның су қоймаларын биологиялық тазарту бойынша министрліктің қандай іс-шаралар жүргізіп жатқаны қызықтырады. Министр су қоймаларын тазарту қызметі ағымдағы жылы Су ресурстары комитетіне берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта су қоймаларындағы төменгі шөгінділерді тазалау іс-шаралары жоспарын құру жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өңірлеріндегі қабылдауларды экология департаменттерінің басшылары өткізді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/34954?lang=kk