ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ВЕНГРИЯДАҒЫ ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
02.07.2025 17:50:55 330
2025 жылғы 28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында өткен дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальге Карцаг қаласының мэрі арнайы қатысты.
Келушілерге Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, табиғи көрікті жерлері мен туристік бағыттары жөнінде ақпараттық материалдар ұсынылып, ұлттық тағамдар арқылы қазақ халқының қонақжай дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды. Бұл іс-шара Шымкент пен Еуропа елдері арасындағы мәдени-туристік байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Еске салайық, 2025 жылдың 27 мамырынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Будапешт арасында тікелей әуе рейстерін іске қосты. Бұл бағыт туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беріп, екі қала арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға мүмкіндік береді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1028598?lang=kk