🔰Бүгін, 18 шілде - балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
18.07.2025 17:38:32 418
Іс-шара барысында сала ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары, салалық төсбелгілер мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатау рәсімінде сөз алған басқарма басшысы Нартай Егембердиев пен Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысы Кабдугалиев Азамат Абатайұлы сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл марапаттар – балық шаруашылығы саласына сіңірген еңбектің, табиғатты қорғау мен су ресурстарын тиімді пайдаланудағы кәсіби шеберліктің айқын дәлелі.
Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне жеміс тілейміз.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1037078?lang=kk