ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

15.04.2025 18:06:34 198

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан – игіліктің бастауы» атты игі іс-шара өтті. Бірегей бастамаға өңір журналистері жұмыла атсалысып, Әсел Бимырзаеваның «Армандар орындалады» жобасы аясында өткен қайырымдылық кешіне үлес қосты. «Ұлы дала елі» орталығында өткен кеште журналистер 10 балаға сыйлықтар табыстап, бүлдіршіндер таңдаған түрлі керек-жарақтар мен ойыншықтарды үлестірді.

Одан соң, «Алатау медиа» орталығында өңірге белгілі журналистердің қатысуымен семинар өтті. Танымдық семинарда қазіргі қазақ журналистикасының даму бағыттары талқыланып, қатысушылар кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында Қазақстан Журналистер одағының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Салтанатты рәсімдер соңы Түркістан қаласындағы «Голден холл» мейманханасында ұйымдастырылған ауызашармен қорытындыланды. Басқосуға жиналған журналистер қасиетті айдың рухани құндылықтарын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

___

ТУРКЕСТАНСКИЕ ЖУРНАЛИСТЫ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В БЛАГОТВОРИТЕЛЬНОМ МЕРОПРИЯТИИ

В честь священного месяца Рамазан Туркестанским областным филиалом Союза журналистов Казахстана было проведено благотворительное мероприятие "Рамазан - начало добра". В уникальной инициативе приняли участие журналисты региона и внесли свой вклад в благотворительный вечер в рамках проекта Асель Бимырзаевой "Мечты сбываются". На вечере в центре "Ұлы дала елі" журналисты вручили подарки 10 детям, раздали различные аксессуары и игрушки, которые выбрали малыши.

Затем в центре "Алатау медиа" прошел семинар с участием журналистов, известных региону. На познавательном семинаре были обсуждены направления развития современной казахской журналистики, участники поделились профессиональным опытом. В завершение встречи новым членам Союза журналистов Казахстана были вручены удостоверения и нагрудные знаки.

Торжественные церемонии завершились ауызашаром, организованным в ресторане "Голден холл" в городе Туркестан. Собравшиеся на совещании журналисты возвысили духовные ценности священного месяца и выразили друг другу наилучшие пожелания.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/965058?lang=kk