«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

15.04.2025 18:53:24 121

📌2025 жылғы 11-сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Тәрбие теориясы және әдістемесі» орталығының үйлестіруімен онлайн форматта білім бөлімі басшыларымен кездесу өтті. Бұл жиын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығына және Мемлекеттік кеңесшінің 2024 жылғы 14 қарашадағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылуын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Онлайн кездесуде Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Тржанова Айымгуль Максутовна «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде презентация форматында жан-жақты есеп беріп, атқарылған жұмыстар және жетістіктермен бөлісті.
Бұл бағдарлама – жас ұрпақты ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам.
📌 Еліміздің жарқын болашағы үшін тәрбие жұмысының жүйелілігі мен сапасы басты назарда.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/974964?lang=kk