Өскемен қаласының Б.Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының жабылу салтанаты өтті

Өскемен қаласының Б.Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының жабылу салтанаты өтті

15.04.2025 18:53:40 176

Қорытынды бойынша Ақмола облысы бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыстар ақпан айынан сәуір айына дейін 13 спорт түрінен өткізілді.

Қорытынды барлық спорт түрінен спортшылар жеңіп алған алтын медаль саны бойынша жасалды.

Ақмола облысының қоржынында 29 медаль, оның ішінде: 16 алтын, 9 күміс және 4 қола, екінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді, ал Қостанай облысы үшінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, Спартакиаданың салтанатты ашылуы 18 наурыз күні Щучинск қаласында болды, дәл бұл жерде ақмолалық спортшылардың ең жарқын жеңістері басталған еді.

Спартакида – бұл ел ауқымындағы кіші Олимпиада ойындары, себебі төрт жылда бір рет өтеді!

Өткен Спартакиадада Ақмола облысы 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болған еді, ал биыл тұғырдың жоғарғы мінбесіне жайғасты.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/974994?lang=kk