СТУДЕНТТІК ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
30.06.2025 11:10:44 330
Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм Академиясының бір топ студенттері үшін Шымкент қаласының тарихи-мәдени нысандарына ақпараттық тур ұйымдастырылды.
Іс-шара Шымкент қаласының Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қолдауымен, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен жүзеге асты. Тур барысында студенттер «Шымқала» тарихи-мәдени кешенімен, Сайрам тұрғын алабындағы Ибраһим ата және Қарашаш ана кесенелерімен, Сейітжан қари мешітімен, сондай-ақ жаяу жүргіншіге арналған «Арбат» демалыс аймағымен танысты.
Бұл жоба Шымкент қаласының туристік әлеуетін Қазақстан студент жастары арасында кеңінен насихаттап, жас туристер ағынын арттыруды мақсат етеді.
Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1026520?lang=kk