ШЫМКЕНТ ПЕН САМАРҚАНД АРАСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙТЫЛУДА
30.06.2025 12:11:48 319
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы жанындағы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы туристік құрылымдар арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Шымкентке арнайы келген Самарқанд қаласынан 22 туристік оператор және Самарқанд облысының туризм басқармасының өкілдеріне Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды. Іс-шара аясында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен “Versailles Travel” туристік операторы арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Келісім аясында тараптар бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, ақпараттық турлар ұйымдастыру және туризм саласындағы өзара байланысты нығайтуға уағдаласты. Бұл байланыс өңіраралық туризмді дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.
🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1026599?lang=kk