«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ
09.07.2025 18:12:53 418
2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың туристік, мәдени және инновациялық әлеуетімен танысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, қаладағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, өңірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.
Бұл бастама Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға өз үлесін қосады.
🔷Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031960?lang=kk