Департамент мамандары аудит мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің семинарына қатысты
30.06.2026 19:40:47 139
Департаменттің Аудит басқармасы мен Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының мамандары, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған және аудит жүргізудің практикалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел форматындағы семинарға қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
• аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзекті мәселелер;
• тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері;
• жұмыс барысында туындайтын практикалық кейстер мен проблемалық мәселелер.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1229953?lang=ru
