Бәйтерек ауданында ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды
21.07.2026 12:20:55 344
Бүгін Бәйтерек ауданы әкімдігінде өткен актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Қуанышбек Қадырбекұлы Мұқатаевты таныстырды. Жиын барысында аудан басшысы жаңадан тағайындалған бөлім басшысының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту және мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Қуанышбек Мұқатаев 1991 жылы 18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданының Мұратсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 2013-2015 жылдары БҚО Ішкі істер департаментінде полицей болып бастаған. Кейін, 2016-2019 жылдары Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының жастар жетекшісі, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2020-2024 жылдары Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде мемлекеттік қызметін жалғастырды. Сондай-ақ, 2024-2026 жылдар аралығында Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы, бас инспектор-заңгері лауазымдарын абыроймен атқарды.
2026 жылдың 20 шілдесінен бастап Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне ресми түрде кіріскен Қуанышбек Қадырбекұлының мемлекеттік қызмет саласындағы жинақтаған кәсіби тәжірибесі ауданның идеологиялық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін береді деп сенеміз. Жаңа басшыны тағайындалуымен құттықтай отырып, ауданның әлеуметтік-саяси ахуалын дамыту жолындағы жауапты қызметіне толағай табыстар тілейміз.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1261098?lang=ru