ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА АТЫРАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ДАЯРЛАУДАН ӨТТІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА АТЫРАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ДАЯРЛАУДАН ӨТТІ

10.04.2025 16:49:31 1662

2018 жылдың  26-28 қыркүйек аралығында Атырау қаласында ТРМК  Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері үшін техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды даярлау жөніндегі өңірлік семинар өтті. 

3-күндік семинар барысында тыңдаушыларға техникалық реттеу саласы бойынша ЕАЭО-ң шеңберінде жаңа заңнамалар, жаңа шешімдері және  техникалық реттеу саласындағы ЕЭК өкімдері, мемлекеттік метрологиялық бақылау және нарықты қадағалау тақырыптары түсіндірілді. Сондай-ақ, тыңдаушылар  Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жаңалықтарымен таныстырылды және  ҚР «Бағалы металдар мен асыл тастар» Заңының ережелері түсіндірілді.  

Семинар барысында Атыраудың мемлекеттік инспекторлары қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.

Семинар қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификат берілді.

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10325?lang=kk