ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 361 ҮЛГІДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНДІГІ АНЫҚТАЛДЫ
10.04.2025 16:50:11 1505Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласы бойынша ҚазСтИн» РМК Филиалымен бірлесе отырып азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, «ҰАО» ЖШС өкілдігі, Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, сәйкестікті растау органдары, сондай-ақ өнім өндірушілер қатысты.
Дөңгелек үстел азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігіне бағытталған технологиялық құралдардың негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталған.
Сонымен, азық-түлік қоспаларын пайдалану, тамақ өнімдерінің органолептикалық сипаттамаларының нашарлауына әкелмеуі тиіс, бұдан басқа «Тамақ өнімінің таңбалау бөлігі туралы» мәліметтерді таңбалау кезінде Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.
ҚР ДСМ Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Каштан азық-түлік қоспаларын қолдану бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етті.
Ағымдағы жылдың 6 айында 1143 тамақ өнімдерінің үлгілері сатып алынып, олардың 361 сынамасында қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Жалпы, ашық диалог өтіп және жемісті пікір алмасу орын алды, өнім өндірушілер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10811?lang=kk