ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

10.04.2025 16:50:29 220

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері  мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру;  АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.

Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. 

Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:

- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;

- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;

- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;

-  АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;

- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;

- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;

- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;

-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;

Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет  арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.

Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.

2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.

Анықтама.

Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.

АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы  салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk