БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

10.04.2025 16:50:31 220

2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (626 стационарлық, 312 ұтқыр) 571 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 1 638 640 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 1 515 912 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған, ақаулықтарының болуына байланысты 122 728 АКҚ бірінші реттен техникалық байқаудан өтпеген, бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 7,5 % құрайды.

Анықтама үшін: 2016 жылдың сәйкес мезгілінде 1 749 716 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 1 575 634 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,       174 082 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,9 % құрайды.

Техникалық байқаудан өтпеген деп танылған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулықтардың негізінде тыйым салынған :

- тежеуіш жүйесінің – 30 617 КҚ;

- рулмен басқарудың – 9 823 КҚ;

- сыртқы жарық беру аспаптарының – 48 761 КҚ;

- көрініс – 15 592 КҚ;

- шиналар, доңғалақтар және аспалар – 8 134 КҚ;

- конструкцияның басқа элементтері – 39 429 КҚ;

- Қозғалтқыш және оның жүйелері – 8 306;

- рама, шанақ жай-күйі – 558.

Өз кезегінде, 2017 жылғы 8 айында аумақтық көліктік бақылау органдарымен 101 техникалық байқау операторларына қатысты 163 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 2 млн. 995 мың теңгені құрайтын 106 әкімшілік хаттамасы толтырылып, 10 техникалық байқау операторы тізілімнен шығарылған.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10973?lang=kk