АЛМАТЫДА «ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ МАШИНАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.04.2025 16:50:50 15272018 жылдың 26 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Жабдықтар және машиналардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 010/2011) Кеден Одағының Техникалық регламент талаптарын талқылау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл әс-шараның мақсаты жабдықтар және машиналарға қойылатын талаптарды талқылау болып табылады.
Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақтағы негізгі құжаттардың бірі 2013 жылғы 15 ақпанда күшіне енген Кеден одағының «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 010/2011) техникалық регламенті болып табылады.
Аталған техникалық регламент адамның өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыруға алып келетін әрекеттердің алдын-алу, жол бермеу, әзірлеу, жасау, монтаждау, іске қосу, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және жою бойынша машина немесе жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді
Сәйкестікті техникалық регламенттің талаптарына сәйкес расталмаған машиналар немесе жабдықтар Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында бірыңғай тауар айналым белгісімен белгіленбейді және айналымға шығаруға рұқсат етілмейді.
Теникалық регламенттің талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатын немесе декларациясын алу арқылы сәйкестікті растау рәсімінен өткеннен кейін, бұйымдар EAC сәйкестік белгісімен белгіленуі мүмкін.
Департамент Басшысы Сауықбек Капаев бұл техникалық регламент Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кіретін елдер үшін үлкен мүмкіндіктер ашты, өйткені бүгінгі күні: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения елдеріне бұл ашық есік қана емес, бірыңғай ережелерге сәйкес тауар айналымының қақпасы, бірыңғай ережелерге сәйкес құжатталған және сыналған машина немесе жабдықтар ЕурАзЭҚ барлық мүше мемлекеттер аумағында толық қуатты ешқандай кедергісіз немесе шығынсыз пайдаланылуы мүмкін екендігін атап өтті.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасының Инвестииялар және даму Министірлігі техникалы реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.
Бәздәң мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы 83, байланыстелефондары: 8 (727) 303-88-52, 243-10-24. Электрондық адрес: ktrm_almaty@mail.ru.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11275?lang=kk