ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘУЕ КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ
10.04.2025 16:51:02 297Бүгін Астана қаласында өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында 2018-2020 жылдары бірінші үшжылдық мерзімге арналған Әуе көлігі бөлімі бойынша Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді.
Аталған іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Көлік саясаты бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық принциптерді, экономикалық интеграцияны жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көліктік кеңістікті, жалпы көлік қызметтерінің нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шаралар жоспары әуе көлігін дамытудын ерекшеліктерін талдамалық және зерттеу сипатындағы бірінші үшжылдық мерзімде (2018-2020 жж.) іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қарастырады.
Екінші деңгейде (2021-2023 жж.) бірінші үшжылдық мерзімде іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қамтиды (үндестіру, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және т.б.), және үшінші деңгейде (2023-2025 жж.) жалпы көлік қызметтерінің нарығына және бірыңғай көліктік кеңістікке қол жеткізу үшін әуе көлігінде тасымалдарды орындау кезіндегі шектеулерді алып тастау тәсілдерін орнықтыруды көздейді.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11361?lang=kk