ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН МҚІЖСЖҚА АРАСЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН МҚІЖСЖҚА АРАСЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

10.04.2025 16:52:22 1414

ҚР ИДМ Техникалық ретту және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті 2018 жылы 19шілдеде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент өкілімен семинар өткізді.

Семинардың мақсаты мамандардың білімін жоғарлату, жаңа заңнама талаптарын оларды тәжірибеге қолдану, оның ішінде мемлекеттік бақылауда, жемқорлыққа қарсы ортаны ұжымда ғана емес қоғамда да құру мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берудің себептері мен оларды анықтап жою мүмкіндіктер болып табылады.

Семинар барысында, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған бейнероликтер  көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент өкілі Д.Раимбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелінің түрлерін, сыбайлас жемқорлық қарсы шаралар, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысын, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелерін атап өтті.

Сонымен қоса, Д. Раимбаев қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймылға тез арада әрекет жасауын және қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.

Семинар қорытындысы бойынша, өзекті пікір алмасулар болып, қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11824?lang=kk