АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
10.04.2025 16:52:42 14372018 жылдың 29 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп ЕЭО-ың «Жеңіл рельсті көліктердің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» және «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» жобаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді:
Дөңгелек үстелде бизнес-қауымдастық өкілдері, аймақтық облыстық басқармалар мен департаменттер қатысты.
Дөңгелек үстел отырысының мақсаты - техникалық регламенттер бойынша өнімді өндірушілерге ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Еуразиялық экономикалық комиссиядан алынған құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау.
Дөңгелек үстел аясында жеңіл рельсті көлік құралдары үшін техникалық регламенттің талаптарын, олардың қауіпсіздігінің әлеуметтік қолайлы деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ метрополитен жылжымалы құрамына және оның құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптар, соның ішінде қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті бағалау ережелері, бір құжатта - ЕЭО техникалық регламенттерінде сәйкестік белгісімен белгілеу.
Дөңгелек үстелдің соңында тыңдаушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12102?lang=kk