2016 ЖЫЛҒЫ 29-30 СӘУІРДЕ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНЖИНИРИНГ: ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2016 ЖЫЛҒЫ 29-30 СӘУІРДЕ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНЖИНИРИНГ: ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

10.04.2025 16:52:47 1481

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Қазақстан қайта құру және даму көп салалы институты және Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған конференцияда жетекші университеттердің, ғылыми және әлемдік инжинирингтік орталықтардың ғалымдары мен мамандары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, кәсіби қауымдастықтар, жобалы-конструкторлық, іздестіру және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы А.О. Мамбетаев және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Мемлекетаралық стандарттау және ақпараттандыру басқармасының бастығы И.В. Хамитов қатысты.

Пленарлық мәжіліс шеңберінде ҚР салалық мемлекеттік органдары, германдық ғылыми-зерттеу ұйымы және Ұлыбритания Болтон университеті, Ресей Федерациясы Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы басшылығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның құрылыс саласындағы қауымдастықтар және жетекші ұйымдарының өкілдері баяндамалар оқыды.

Өзінің пленарлық баяндамасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы А.О. Мамбетаев құрылыс саласындағы техникалық реттеу аясының ведомство өткізетін жұмысты көрсетті, оның ішінде келесі:

- ұлттық техникалық регламенттерді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жұмыс бағыттарын айтып өтті.

Бүгінгі күні салалық мемлекеттік органдармен үкімет деңгейінен министрліктер деңгейіне ұлттық техникалық регламенттерді аудару, және құрылыс саласында олардың ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісуімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұйрығымен бекітуі бойынша жұмыстар өткізіліп жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ «Ғимараттар және құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай ұлттық үсті техникалық регламентін әзірлеу бойынша ағымдағы ахуал хабарланды;

- еурокодтардың және олардың сілтеме стандарттарының бейімделуі.

Еурокодтарға сілтеме халықаралық (ISO) және еуропалық (EN) стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс баяндалды.

Сонымен қатар, 2016 жылғы әзірлеуге жоспарланған 747 стандарттан 1/3 астам бөлігі құрылыс саласына келетіні көрсетілді.

- Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды жүзеге асыру.

Инвестициялар және даму және ұлттық экономика министрліктері арасында келесі тармақтарды қамтитын Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды қабылдау көрсетілді:

- құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасын талдау және жүйелендіру;

- аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес ИТЖ аттестциясы бойынша орталықтардың біліктілігін анықтаудың балама тәртібін құру мәселесін қарастыру;

- стандарттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар жаңалық енгізу бойынша ұйымдық-түсіндіру жұмысы және т.б.

Сөз сөйлеу сонында осы бағытта жұмыс жалғасатыны айтылды.

 

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12138?lang=kk