МЕТРОЛОГИЯ – ӨЛШЕМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

МЕТРОЛОГИЯ – ӨЛШЕМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

10.04.2025 16:52:48 1607

Метрология – талап етілген дәлдікке жету тәсілдері мен олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары мен әдістемелері туралы және өлшемдер туралы ғылым. Бұл әр-түрлі физикалық шамадағы өлшем бірліктерін орнатумен және олардың эталонын қалыптастырумен, физикалық шамалардың өлшем әдістерін әзірлеумен, сонымен қоса, өлшем дәлдігін талдаумен, өлшемдегі дәлсіздікті туғызатын себептерді зерттеп, оларды жоюмен айналысатын ғылым.

Адам күнделікті өмірде өлшеммен тығыз қатынаста болады. Ұзындық, көлем, салмақ, уақыт және тағы сол сияқты шамалармен әрбір басқан қадам сайын кезігеді. Демек бізге өмірде барлығын өлшеуге тура келеді. Тіпті өз өлшеміңді білмесең жейде немесе туфли сатып ала алмайсың. Ал ғылым мен техникада миллиондаған өлшемдер жасауға тура келеді.

Кез келген өлшем – ол салыстырма, ал өлшем бірлігінің дәлдігі – ол дәлсіздігін нөлге жақын көрсететін сипаттама.

Ондаған сантиметрлік дәлдік біреу үшін жеткілікті екені түсінікті, егер сіз көлік бөлшектерін алсаңыз, онда ол жерде миллиметрлік дәлдіктің өзі тым өрескел болуы мүмкін, егер екі саңылаудың өзі бір-бірінен миллиметрге өзгеше болса, саңылауға болттың өзін бұрай алмайсыз. Сол сияқты уақыт өлшемі. Бір жағдайда оны минут дәлдігіне дейін білу қажет (мысалы: егер сіз бәліш пісірсеңіз), ал қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, секундтың жүздік бөлшектері бар секундамер қажет. Денсаулық сақтауды алсақ, науқастың диагнозын анықтау үшін өз өлшем дәлдігі бар медициналық жабдыққа бірнеше зерттеулер (өлшеулер) жүргізу қажет.

Метрология стандарттаудың ажырамас бір бөлігі, стандарттау өндірістегі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың тиімді де ең қажетті құралы болып табылады.

Барлық дамыған елдерде стандарттау мен метрологияны елдің ілгерлеуі мен күш қуатын арттыруға қолданады. Олардың көмегімен өндіріс тиімділігін жоғарлату мәселелерін шешіп, өндіріс сапасын арттырады.  Метрологиядағы дұрыс қойылған стандарттау  мен метрологиялық қызмет кәсіпорынның барлық бағытта дамуына жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданған және ол бүгінгі күні қолданыста. Заңда метрологиялық талаптарды сақтау міндетті болып табылатын қызмет салалары анықталған және кейбіреуіне мемлекеттік метрологиялық бақылау қарастырылған.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге мемлекеттік метрологиялық бақылауды, құқықтары мен міндеттері Заңмен орнатылған мемлекеттік инспекторлар жүргізеді.

Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:

- өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды;

 - сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;

- өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік осы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңмен орнатылған.

Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі нормативтік базасы құрылған, ол өзіне мемлекеттік стандарттар мен Республиканың барлық аумақтарында бірлік шамасының қөлемін беру тәртібін және сынақ жүргізу, салыстырып тексеру мен өлшем бірлігін калибрлеу тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттар жиынтығына құралған.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталонды базасы саналады.

Жоғарыдағы ҚР Заңымен толық танысқысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Ықылас Дүкенұлы көшесі 29 үй, байланыс телефонымыз: 270741, 270742, Email: gosnadzor_Astana@mail.ru.      

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - С.В. Коваленко

 

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12140?lang=kk