ҚАЗАҚСТАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУІНЕ БОЛАТЫН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУІНЕ БОЛАТЫН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

10.04.2025 16:54:17 264

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін жүйелі әрі кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыру мақсатында Министрлік еліміздегі қолданыстағы автокөлік құралдарының рұқста берілетін салмақтық және габариттік параметрлерін Одақтың 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің нормаларын үйлестіру бойынша шаралар қабылданды.

Автомобиль жолдарының салмақ көтеру және өткізу қабілетін, сондай-ақ пайдаланымдағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлерін ескере отырып, автокөліктің бір қатар санаттары үшін жол берілетін салмақтар арттырылған болатын.

Нәтижесінде, үш білікті автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 26 тоннаға, салмағы 18 тоннадан аспайтын екі білікті тартқыш пен екі білікке түсетін жүктеме 19 тоннадан аспайтын жартылай тіркемеден тұратын ершікті автопоездар үшін 38 тоннаға дейін салмаққа рұқсат беріледі.

Автокөлік құралдарының екі қатарлы қос білігі үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 17 тоннаға, үштік және одан көп біліктер үшін 1,5 тоннаға ұлғайтылды.

Сонымен бірге, Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық тасымалдаушылардың еуропалық және Орта азиялық автокөлік тасымалдар нарығында бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге рұқсат берілетін габариттер қайта қарастырылды.

Осылайша, жүк көтерімділігі төмен (40 тоннаға дейін) ершікті автопоездардың (құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме) ұзындығы еуропалық нормаларға – 16,5 метрге келтірілді, бұл ретте осы нормалармен ҚХР қолданыстағы автокөліктердің параметрлерін сәйкестендірген болатын. Сол себепті, Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен аталған автопоездардың артқы жағы арасындағы рұқсат берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.

Тіркемелі және жүк көтерімділігі жоғары ершікті автопоездар (барынша рұқсат етілген 40 тоннадан артық) үшін 20 метрге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте, ершікті автопоездардың жүк тиеу ұзындығы 16,4 метрден, ал тіркемелі автопоезы тартқышының артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы қашықтық 0,6 метрден кем емес болған кезде – 17 метрден аспауы тиіс.

Аталған жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлердің өзгерістері Министрліктің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығымен енгізілді және 2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап жүзеге асады.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13850?lang=kk