«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
10.04.2025 16:54:21 2756 ақпанда «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Даму» БПҰ жиналысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, «Даму» БПҰ төрағасы З.С.Сағыновтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, сонымен қатар, шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде З.Балиева Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ ол, аталмыш өзгертуге байланысты еліміздің әр азаматының талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Зағипа Яхияқызы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда Инвестициялар және даму министрлігінің рөлі маңызды екеніне айрықша тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда еңбектің табысты болуын тіледі.
Содай-ақ, жиналыс барысында БПҰ мүшесі, Транзит және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының территориясы бойынша транзиттік жүк тасымалдаудың қызметі туралы партияластарын хабардар етті. Ал, жастардың атынан сөз алған Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Данияр Қалимолдаев Мемлекет басшысының бағытын ұстанып, Жолдауды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Аталмыш жиналысқа БПҰ-ның үш жүзден астам мүшесі қатысты.
Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13857?lang=kk